«НҰРЛЫ ЖОЛ»: 3 МЛРД ТЕНГЕ БӨЛІНДІ
Қызылорда облысында 2018 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 14 жобаға 3,0 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, сумен қамту бойынша 8 жоба, Қызылорда қаласының кәріз жүйелері бойынша 5 жоба және Жаңақорған ауданың сумен қамту бойынша 1 жоба.
Аталған жобалар аяқталған кезде 72 шақырым ауыз су жүйелері 4,5 шақырым кәріз жүйелері жаңғыртылатын болады.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммунникациялар қызметінде жарты жылдықтың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов айтты.
Биылғы жылы «2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен 3 жобаның (Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекені, Жалағаш ауданы Шәменов және Мырзабай ахун елді мекендері) құрылысын аяқтау үшін 527 млн. теңге бөлінді. 16,7 шақырым ауыз су жүйелері қайта жаңғыртылды.
Қосымша республикалық және облыстық бюджеттен жаңа 16 құрылыс жобаларға 2,1 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, осы жылы облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын сумен қамту және суды бұру жобасының құрылыс жұмысын жалғастыру үшін 350 млн. теңге бөлінді. Қаржы толығымен игерілді, 12,3 шақырым ауыз су жүйелері жүргізілді.