Қызылордада «Халық заңгері» науқаны жалғасуда
Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әрбір мемлекеттік қызметші халыққа қызмет етіп, абыройлы еңбегімен сенімін арттыру мақсатында қоғамдағы өзекті мәселелердің тез арада шешілуіне барынша қолдау көрсету қажеттілігін атап өткен болатын.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасы негізінде, Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 наурызында «Антикор орталығында» және 11-12 наурыз аралығында барлық аудандарда «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны өткізілуде.
«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны «Антикор орталығында» және барлық аудандарда ай-сайын ұйымдастырылып, азаматтар қала және аудан көлеміндегі бақылау-қадағалау, әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, қаржы институттары және басқа да қажетті орган өкілдеріне қойылған сұрақтарына жауаптар алып, оң шешімін тапқан мәселелерде жеткілікті.
Бүгінгі күні сауатты да салауатты ел қалыптастыру мақсатында осы сынды шаралардың өткізілуі маңызды.
Бұл ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қаралады.