Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Қызылорда облысы бойынша басшысы тағайындалды
Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өңірлердегі және республикалық маңызы бар қалалардағы департамент басшылары тағайындалды. Астана, Алматы, Шымкент және барлық облысқа департамент басшылары тағайындалғаны жөнінде агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) болып қайта құрылған болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Қызылорда облысы департаментінің бойынша басшысы лауазымына Ардақ Жайдақұлы Ерсейтов тағайындалған.
«Оның В-РКО-1 санаты бойынша 1-санатты біліктілік сыныбы бар», - делінген агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ол бұған дейін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Арнайы мекемелер басқармасының басшысы, осы министрліктің Есірткіге қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы секілді лауазымды қызметтерді атқарған.