Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Қамбаш» балалар тынығу лагерінің қызметкерлері мен тынығушылардың қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Сәлімжан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы мемлекеттік саясатының басымды бағыттарына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегияның мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, сыбайлас жемқорлық әрекеттердің зардаптары мен жауапкершілігін түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасына түсіндірме беріп, оның ішінде электрондық қызмет алу тиімділігі жөнінде сөз қозғады.
Кездесу қорытындысымен департаменттің бас маманы А.Сәлімжан лагерь ұжымын және тынығушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда белсенділік көрсетуге шақырып, арнайы әзірленген бейнеролик көрсетті.                                                                   
30 шілде 2018 ж. 1 037 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области