Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АЗАЙТУ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АЗАЙТУ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Сәлімжан қалалық білім бөлімі мен басшылық құрамдағы педагог және білім саласындағы мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлердің қатысуымен «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін азайту» тақырыбында кездесу өткізілді.
  Кездесу барысында Департаменттің бас маманы А.Сәлімжан бүгінгі күні заңсыз сыйақы мен пара туралы барынша толық мәлімет берді. Атап айтқанда, сыйақы мен параның әкелер зардабы мен оның көзделген жауапкершілігі айтылды. Сондай-ақ, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін азайту мәселелеріне тоқталды. Агенттіктің бастамасымен қолға алынып жатқан жаңашыл «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы туралы және оның негізгі мақсаты туралы түсіндірме берілді.
  - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барлық мемлекеттік органдарда, басты міндеттердің бірі болып табылады. Әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністері үшін жазаны бұлтартпау туралы есте сақтауға борышты. Сіздерді өз құқықтарын қорғап, өз елінің жанашыры болып, саналы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын жеткіншектерді тәрбиелеу жұмыстарын одан әрі қарқынды жүргізуге шақырамын, - деді департамент өкілі.

15 мамыр 2018 ж. 832 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области