ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫНДАҒЫ ЖҰМЫСШЫЛАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
«ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ-ның шетелдік компаниясының «Құмкөл» және «Арысқұм» кен орындарында компания ұжымымен кездесулер өткізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Сәлімжан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы мемлекеттік саясатының басымды бағыттарына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегияның мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, сыбайлас жемқорлық әрекеттердің зардаптары мен жауапкершілігін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, Агенттіктің бастамасымен қолға алынып жатқан «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы туралы кеңінен түсіндірме берілді.
Кездесу қорытындысымен департаменттің бас маманы А. Сәлімжан компания ұжымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда белсенділік көрсетуге шақырды.
Сондай-ақ, аталған кен орындарында қоғамдық қабылдаулар өткізіліп, қабылдауларға келген азаматтарға заң аясында жауаптар берілді.