Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавиурс: Еліміздегі мешіттерде жұма уағыздары тоқтатылды

Коронавиурс: Еліміздегі мешіттерде жұма уағыздары тоқтатылды

Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі барлық мешіттерде 20 наурыздан бастап жұма уағыздары тоқтатылып, жұма намазына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың алдын алу шараларына орай арнайы мәлімдеді.
Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны артуда. Бұл дерт Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасын да алаңдатып отыр.
Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты ресми мәлімдемесін жариялады.
«Жұма намазынан алдын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады. Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады. Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз», – делінген діни басқарманың мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, діни басқарманың хабарлауынша, намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды. Намаздан кейін жамағат қол беріп «Жұма қабыл болсын» деп амандаспайды.
«Мешітке бетперде (маска) киіп келу, намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу, жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу, жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал», – деп атап өткен ҚМДБ.
Айта кетейік, ауа-райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат етіледі.
Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырған ҚМДБ-ның аталған мәлімдемесі осы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енетіндігі айтылған.
13 наурыз 2020 ж. 338 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области