Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сарайшықтың 1741 жылғы жоспары Ресейден табылды

Сарайшықтың 1741 жылғы жоспары Ресейден табылды

Kyzylorda-news.kz. Атырау облысындағы ортағасырлық Сарайшық қалашығының 1741 жылғы жоспары Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Атырау облыстық «Тарихи және мәдени мұраны зерттеу» орталығының жетекшісі Мұқамбетқали Кипиев хабарлады.
Оның айтуынша, құнды құжаттың масштабы - 50, бетіндегі мәтіндер ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында қолданған шапшаң жазу үлгісімен берілген.
«Жоспар Сарайшық қалашығының жанынан бекініс салу үшін жасалған. Өйткені, Орынбор комиссиясын басқарған В.Татищев Жайық (Орал) қалашығынан төмен аумақты қорғау мақсатында қамалдар мен бекіністер салуды жоспарлаған. Оған әскери полк және дворяндарды тарту жобасы 1739 жылы мақұлданған. Дәл осы жоба аясында бұл жоспар жасалған болуы мүмкін», - дейді Мұқамбетқали Кипиев.
14 наурыз 2020 ж. 251 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области