Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КІШІ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КІШІ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ


Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Елбасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында аймақтағы тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасау мақсатында өңірімізде «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық кіші экспедициясы өз жұмысын бастады. Қызылорда облысына қарасты аудандардағы белсенді этнос өкілдерінен 50 адамнан құралған экспедицияда Қазалы, Қармашқы аудандарының киелі жерлері, тарихи-мәдени нысандарымен танысу жоспарланған.
«Тарихи-танымдық саяхат Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен батысқа қарай 12 шақырым қашықтықта орналасқан - Сортөбе қалашығынан басталды. Қалашықта зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі, т.ғ.к. Тәжекеев Әзілхан Сортөбе жайлы жаңаша мәліметтермен бөлісті.
Экспедиция мүшелерінің келесі аялдамасы Оғыз мемлекетінің рухани астанасы –Жанкент қалашығы. Азия мен Еуропаны байла-ныстырған Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі шаһар орта ғасырлардан сақталған.
Жанкент қалашығынан кейін экспедиция құрамы Қазалы ауданында орналасқан Ғани Мұратбаев музейіне аялдады. Әйтеке би кентінен батысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан Жанқожа батыр кесенесі саяхатшылардың келесі аялдамасы болды. Экспедиция мүшелері кесенеге тоқтап, батырдың рухына тағзым етті. Кесене 1992 жылы өзінің бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған Жанқожа Нұрмұхамедұлының құрметіне қойылған.
Топ мүшелерінің соңғы аялдамасы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан Қорқыт ата мемориалды кешені. Тарихи-танымдық саяхатқа қатысқан экспедиция мүшелері өңіріміздегі тарихи жәдігерлерімен танысып қайтқандары үшін зор алғыстарын білдірді.



18 маусым 2018 ж. 1 036 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области