Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздегі мүмкіндігі бар барлық кәсіпорындар қашықтықтан жұмыс істеуге міндеттеледі

Еліміздегі мүмкіндігі бар барлық кәсіпорындар қашықтықтан жұмыс істеуге міндеттеледі

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар барлық кәсіпорындар мен мекемелер осы режимге ауысуға міндетті.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтып берді.
«Елдегі төтенше жағдайға байланысты бірқатар қызметкерлердің жұмыс режимі өзгеруде. Осы орайда жұмыс берушілерге үлкен әлеуметтік жауапкерішілік танытып, еңбек заңнамасын толық сақтауға шақырамын. Және де жұмысшылар өз еңбек құқықтарын білуі өте қажет», - деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда барлық кәсіпорындар, мекемелер қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, онда қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшуге міндетті. Бұл Еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі.
«Қашықтықтан жұмысқа көшкенде, еңбекақы төлеу тәіртібі өзгермейді. Бұл жерде азамат өзінің жұмыс орнында емес, үйден жұмыс атқару мүмкіндігі болады. Еңбек кодексі бойынша, оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауға міндетті және жалақысы ай сайынғы алып жүрген көлемде төленетін болады», - деді Б. Нұрымбетов.
16 наурыз 2020 ж. 234 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области