Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда өңірінде жағдай тұрақты

Қызылорда өңірінде жағдай тұрақты

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың 20 ақпанынан бері облыс бойынша 151 адам бақылауға алынып, оның 47-сі карантиннен өткізілді. 10 азаматты облыстық жұқпалы аурулар аурханасына жатқызып, сынама тесттің қортындысының теріс болуына байланысты ауруханадан шығарылды. Қазіргі таңда Сербия елінің азаматы ауруханада бақылауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Коронавирустан сақтану, алдын алу шараларын күшейту мақсатында облыстағы 2 мыңнан аса дәрігер, 9 мыңнан аса орта буын қызметкер тәжірибелік машықтарын жетілдірді. Дәрі-дәрмектер мен қорғаныш заттар қоры жеткілікті. Көп ретті қолданылатын жеке бас қорғаныш бетпердесі 10 мыңға дейінгі данамен дәріханаларға жеткізіліп жатыр», - деді Облыстың бас дәрігері Жақсылық Әбілқасымұлы.
«Президент Жарлығынан туындаған заң талаптарына сәйкес, ірі сауда орындарының жұмыстары штаттық кестеге көшірілді. Облыс бойынша 2 мың шаршы метрден асатын 35 сауда орыны жұмыс уақыттарын таңғы 10.00-18.00 дейін қысқартты. Ал базарлар мен кіші сауда орталықтары жұмыстарын жалғастыра береді. Облыста 300-ге тарта тойхана мен кафеге де жұмыс уақыты кешкі 22.00 -ге дейін белгіленіп, 50 адамнан асатын ортаны қалыптастырмау туралы ескертілді. Дегенмен шет мемлекеттерден келетін жүк тасымалдарына шектеу қойылған жоқ. Мұндай шекара өткізу бекеттері санитарлық қатаң шараларды жүргізетін болады», - деді Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысы Фердауси Қожабергенов.
Түрлі мәдени, спорттық шараларды, музейлер мен кітапханалардың жабылғандығы, гастрольдік сапарлардың тоқталғандығы да айтылды.
«Бүгіннен бастап колледж, жоғарғы оқу орындарының студенттері онлайн жүйеде оқуға көшті. Облыстағы 627 балабақша меншік түріне қарамастан жұмыстарын жалғастыра береді. Егер балалар белгілі себептерге байланысты балабақшаларға баруды тоқтатқан жағдайда төлемдері де шегерілетін болады»,- деді Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов.
Мәдениет және білім саласының жауапты басшылары өз сөздерінде қызметкерлердің жұмыс режимдері белгіленгенін де айтты. Бірінші категорияға жататын қызметкерлер, яғни әкімшілік және техникалық қызметкер жұмыстан босатылмайды. Екінші, ұстаздар мен өзге де қызметкерлер онлайн дәрежеде жұмыс істеулеріне жағдай жасалады. Үшінші, қызметкерлердің өз сұраныстарына қарай еңбек демалысын, ақылы-ақысыз еңбек күндерін алуына болады.
17 наурыз 2020 ж. 160 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области