Қазақстандағы ауруханаларда, интернаттарда және қарттар үйлерінде карантин жарияланды

«Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымдар - ауруханалар, медициналық және әлеуметтік нысандар, қарттар үйлері, интернаттар - карантинге жатқызылды, демек, бұл мекемелер мен ұйымдарға баруға тыйым салынады», - деді министр.
Іс-шаралар мекемеде жатқан науқастарды қорғауға бағытталған.
Сонымен қатар, аталған медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілуде.
«Оның ішінде фото және видео түсіруге тыйым салынды», - деп толықтырды Біртанов.