Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде декларация тапсыру мерзімі 30 күнге ұзартылады

Елімізде декларация тапсыру мерзімі 30 күнге ұзартылады

Kyzylorda-news.kz. Елімізде заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі 30 күнге ұзартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі төтенше жағдайдың уақытына сәйкес келгендіктен, ол 30 күнтізбелік күнге, яғни 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылады», делінген хабарламада.
Алайда, салық есептілігі нысандарын электронды түрде тапсыру қажет.
«Осылайша, 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылған электронды декларациялар уақытында табыс етілген болып саналады.
Бұл ұзартулар 2019 жылдың 100.00, 110.00, 150.00, 180.00, 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 860.00, 870.00, 871.00, 912.00, 920.00 нысандарына қатысты қолданылады», делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, мерзімнің ұзартуына қатысты салық төлеушіге қандай да бір қосымша өтініш пен хабарлама жолдаудың қажеті жоқ.
Сондай-ақ. 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында тапсырылған нысандар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылмайды.
18 наурыз 2020 ж. 173 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области