Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ

ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Байқоңыр қаласында тұратын салық төлеушілер тарапынан жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00 нысан) тапсыру туралы түсіп жатқан өтініштерге қатысты түсінік берді.
Салық кодексінің 363 бабы 1 тармағының 4), 11) және 12) тармақшаларына сәйкес, жеке табыс салығы бойынша декларацияны резидент-салық төлеушілер тапсырады, яғни:
-Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі көздерден табыс алушы жеке тұлғалар;
-Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі банктерде, 2017 жылдың 31 желтоқсанына, республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген төменгі айлық жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын қаражаты бар жеке тұлғалар;
-Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қозғалмайтын мүлкі, құнды қағаздары және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар жеке тұлғалар.
Қаражат көлемі 2017 жылдың 31 желтоқсанына, республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген төменгі айлық жалақының 12 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда тапсырылатынын ескерген жөн.
Байқоңыр қаласы Қазақстан Республикасының территориясында орналасқандықтан, Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан азаматтары, осы қаланың аумағында орналасқан мүлкі, банктердегі ақша қаражаты және бағалы қағаздары үшін салық декларациясын тапсырмайды.
Cонымен қатар, 2017 жылы Байқоңыр қаласындағы жұмыс берушіден алған табысы бар жеке тұлғалар декларация тапсырмайды.


Г.ШОРТАНБАЕВА,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
басқарма басшысы
30 наурыз 2018 ж. 733 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области