Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың тапсырмалары қалай орындалып жатыр? (ФОТО)

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың тапсырмалары қалай орындалып жатыр? (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыс әкімінің төрағалығымен өткен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысында қала және аудан әкімдіктері,облыстық кәсіпкерлік және туризм, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармалары, Қызылорда облысының полиция департаменті және «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасымен бірлесіп ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап көпшілік іс-шараларға тыйым салып, адамдар көп шоғырланатын объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қажеттігін тапсырды.
Осы орайда журналистер ірі сауда орындары мен жылдам тағам әзірлейтін орындарда болды.
«Aray city mall» сауда орталығы директорының айтуынша, Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес орталықтан жалға алынған сауда нүктелерінің иелеріне жалға алу ақысының төлем күндерін кейінге шегеріп, жұмыс уақытын 10.00-18.00-ге дейін қысқартқан. Кинотеатр мен балалар ойын-сауық орталығы жұмысын тоқтатқан. Сонымен қатар, сауда орталығында санитарлық қауіпсіздік, залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген. Ал, тұрғындар азық-түлігін қолайлы уақытта алуы үшін «Магнум» сауда орталығы мен дәріхана тәулік бойы жұмыс істеуде.
Қаладағы тұрғындар көп шоғырланатын сауда орындарының бірі «Жайна» сауда үйі. Бұл жерде де санитарлық-ағарту жұмыстары жолға қойылған. Сатушылар толығымен арнайы бетпердемен қамтамасыз етілген. Мұнда келушілер үшін арнайы дезинфекциялау құралдары қойылған.
Жылдам тағам әзірлейтін орындарда да келушілер санына шектеу қойылған. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тасқараев екі күн бойы облыстағы 200-ден аса тамақтану орындарында жұмыс кестесін 22.00 -де тоқтау турасында түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін айтты.
«Түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін, тапсырмаға аса мән бермеген кәсіпкерлік субъектілерімен заң аясында жұмыс істейтін боламыз. Алдымен әкімшілік айыппұл, одан кейін қылмыстық іс қозғалуы әбден мүмкін. Шағын және орта бизнес өкілдеріне берілетін көмек туралы министрліктен тапсырма келген уақытта, әлеуметтік желіге жариялайтын боламыз»,- деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тасқараев.



18 наурыз 2020 ж. 268 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области