Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырбойылық нұротандықтар «BIZBIRGEMIZ» акциясына үлес қосуда (ФОТО)

Сырбойылық нұротандықтар «BIZBIRGEMIZ» акциясына үлес қосуда (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына орай, карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге бағытталған «BIZBIRGEMIZ» акциясын қызылордалық нұротандықтар қуаттап, өңірдегі әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетті.
Акцияға «Jas Otan» жастар қанатының еріктілерінен жасақталған шағын топтар, кәсіперлер өз үлестерін қосты.
Байланыссыз тарату жолымен жүргізіліп басталған акция аясында өңірдегі 1150-ге жуық әлеуметтік әлсіз топ өкілдеріне қолдау көрсетілмек.
Айта кетейік, Партия Төрағасының тапсырмасына орай, партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобалары аясында жоғарыда аталған қалалардағы ағайынға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн тг бағытталды, Сонымен қатар партияның Орталық аппараты мен барлық филиалдарының қызметкерлері қосымша көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын аударды.
Коронавирустың таралуына жол бермеуге бағытталған шектеу шараларын енгізуге байланысты облыс бойынша барлық филиалдардың қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын уақытша тоқтатты. Бүгінде азаматтарды қабылдау жұмыстары Сall-орталықтар мен партияның онлайн-сервистері қызметі арқылы жүргізілуде.

20 наурыз 2020 ж. 165 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области