Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көктемгі каникул кезінде мұғалімдерді мектепке шақырған директорлар жазаға тартылады

Көктемгі каникул кезінде мұғалімдерді мектепке шақырған директорлар жазаға тартылады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда кейбір мектеп басшылары каникул кезінде мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мұндай жағдай, әсіресе, Түркістан және Алматы облыстарында анықталды. Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды», - делінген хабарламада.
Педагогтер әдістемелік және каникулдан кейінгі сабаққа дайындық жұмыстарын қашықтан атқаруы тиіс. Сондай-ақ пандемия кезінде педагогтердің еңбек ақысы толық көлемде сақталады, яғни үйден жұмыс істеу ұстаздардың айлығына әсер етпейді.
Айта кетейік, COVID-19 жұқтыру қаупін азайту шаралары аясында қабылданған ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық педагог көктемгі демалыс уақытында қашықтан жұмыс істейді.
26 наурыз 2020 ж. 239 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области