Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Токиодағы Жазғы олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды

Токиодағы Жазғы олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды

Kyzylorda-news.kz. Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары бір жылғa, 2021 жылға ауыстырылды. Бұл туралы бүгін Халықаралық Олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Олимпиада комитеті.
Aталған шешім бүгін, 24 наурызда қабылданды. Жапония премьер-министрі Синдзо Aбэ мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томaс Бах бірлесе осындай шешімге келді.
Қоңырау-конференц кезінде коронавирус індетінің жылдам таралуының салдарынан әлемде жағдайдың ушыққанын тілге тиек етті.
Осы жағдайды ескере отырып, ХОК президенті мен Жапония премьер-министрі Олимпиада ойындары 2020 жылдан 2021 жылдың жазынан кейінге қалдырмай өткізу туралы шешімге келді.
"Токиодағы Олимпиада ойындары осындай қиын кезде әлемге үміт сыйлауы мүмкін. Олимпиада алауының сәулесі шуағын шашып тұрады. Сондықтан, Олимпиада алауы Жапонияда қалады деген шешім қабылданды", - делінген хатта.
Айта кетерлігі, XXXII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы арасында өтуі тиіс еді.
26 наурыз 2020 ж. 560 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области