Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ӨТЕТІН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ "ХАБАР" АРНАСЫНАН КӨРСЕТІЛЕДІ

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ӨТЕТІН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ "ХАБАР" АРНАСЫНАН КӨРСЕТІЛЕДІ


    Олимпиада 9 ақпанда басталады.
    "Хабар" агенттігі - қысқы Олимпиада ойындарының трансляциясын көрсетуге құқығы бар отандық арналардың бірі, деп хабарлайды 24.kz.
    Олимпиада ойындары 9 ақпанда басталады. Оған әлемнің 90 елінің спортшылары қатысады. Күллі әлем көз тіккен додада спорттың 15 түрінен 102 медаль сарапқа салынады.
    "Хабар" агенттігінің тілшілері Оңтүстік Кореяға келіп жетті. Пхёнчхандағы Олимпиада ойындары кезінде екі бірдей түсірілім тобы жұмыс істемек. Олар ақпан айының 5-26 аралығында тікелей эфирлер жүргізіп, спортшыларымыздың жетістіктерін жайлы баяндамақ.
    Айта кетейік, Олимпиада ойындары екі кластерде орналасқан 12 спорт нысанында өтеді. Пхенчхан таулы кластерінде шаңғы спортынан жарыстар өтсе, жағажайдағы Каннын кластерінде коньки спортынан бәсекелер өтеді.
    Қазақстан атынан ойындарға 62 спортшы қатысатынын осыған дейін хабарлағанбыз. Спортшыларға Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сәттілік тілеген еді.

05 ақпан 2018 ж. 1 095 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области