Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балаға қол жууды үйретудің бір әдісі (ВИДЕО)

Балаға қол жууды үйретудің бір әдісі (ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Көптеген аурудың алдын алу үшін қолды дұрыс жуу керегі жайлы барлығы біледі. Ал қазір коронавируспен күресу кезінде ол маңызды шараның бірі болып отыр. Оның маңызын ересектер біледі, ал балаларға қалай түсіндіреміз?
Финляндия тұрғыны Ари Мякийо кішкентай қызына қолды неліктен сабынмен жуу керегін түсіндірудің қарапайым әдісін ойлап тапқан. Бұл мақсатта ол екі ыдысты алады. Біреуіне – қара бұрыш себілген су, ал екіншісіне сұйық сабын құяды.
«Қара бұрыш – екеуміз талқылаған вирус деп елестетейік. Саусағыңды суға сал. Енді шығар. «Вирус» қолыңа жабысып қалғанын көрдің бе? Ал енді саусағыңды сабынға салайық. Содан соң «вирус» бар суға қайта салайық. Барлық вирустар қашып кетті. Міне, қолды сабындап жуу маңызды», - деп түсіндіреді фин.
Кішкентай балаға қолды сабындап жуудың маңыздылығын түсіндіру үшін сіз де осы әдісті қолданып көріңіз.


28 наурыз 2020 ж. 514 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области