Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық күрішшілер биыл судан таршылық көруі мүмкін бе?

Қызылордалық күрішшілер биыл судан таршылық көруі мүмкін бе?

Kyzylorda-news.kz. Қазір дала қосында дүбірлі еңбек көрігі көзге түседі. Жер жыртылып, сүдігер айдалуда. Десе де, елдің көңілінде «судың жайы қалай болар екен?» деген алаң бар.
«Арал-Сырдария» бассейндік су шаруашылығы инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов қазір «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде қажетті су мөлшері жиналып жатқанын жеткізді. Сыйымдылығы 5,2 млрд текше метрді құрайтын «Шардара» су қоймасында бүгінде 4,7 млрд текше метр су болса, «Көксарайда» 1,9 млрд текше метр су бар.
«Қазіргі таңда еліміздің су ресурстары комитетіне су қоймасынан төменгі бөлікке босатылатын су мөлшерін секундына 500 текше метрге дейін арттыру жөнінде ұсыныс жолданды. Жалпы, биыл су жағдайы қалай болатыны жөнінде тап басып айту қиын. Сондықтан елдегі ағайын барынша суды аз қажет ететін дақылдарға көңіл бөлсе дейміз. Әртараптандыру мәселесі естен шығарылмауы тиіс», – деді инспекция басшысы.
Сыр өңірінде күріш егісі 25 сәуірде басталып, оның көлемі 88 мың гектардан асады деген жоспар бар.
27 наурыз 2020 ж. 223 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области