Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Спортшылар мен жаттықтырушылар онлайн сабақ өткізеді

Спортшылар мен жаттықтырушылар онлайн сабақ өткізеді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушылар карантин кезінде онлайн сабақ өткізеді. Сабақ мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитетінің және «Сарыарқа» велотрегінің Instagram парақшасында өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кестеде гимнастика, бокс, еркін күрес және басқа да спорт түрі бар.
«Біз қазақстандықтарға таңғы сегізден бастап жаттығуға қатысуды ұсынамыз. Бұған дейін мұндай жаттығуды Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Бақытжан Қожабеков, джиу-джитсудан әлем чемпионы Мөлдір Мекенбаева жүргізді», - деді спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар көрсетілген парақшалардан 30-31 наурызда сағат 14.00-де дұрыс тамақтану мен тоғызқұмалақ тарихын тыңдауға болады.
Ал сәуірдің басынан бастап қазақ күресі, бокс, велоспорттан сабақтар, коньки спорты мен паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту туралы дәрістер, таэквондо және еркін күрестен сабақтар онлайн түрде өткізіледі.
Жаттығулардан кейін кешкі сағат 18:00-де қазақстандықтардың назарына отандық спортшылармен сұхбат ұсынылады.
Мотивациялық табыс жолымен Серік Сәпиев, Василий Левит, Гузель Манюрова бөліседі. Сондай-ақ, шахматтан әлем чемпионы Динара Сәдуақасова, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның әкесі әрі жаттықтырушысы Байтақ Тұрсынбаев сұрақтарға жауап береді.
30 наурыз 2020 ж. 171 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области