Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДӘУЛЕТ – ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

ДӘУЛЕТ – ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ


    Бішкек қаласында (Қырғызстан) күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Дәулет Ниязбеков еркін күрестен алтын жүлдені иеленіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Айта кетейік, бұл осы жарыстағы еркін күрес түрінен еліміздің қоржынына түскен алғашқы медаль. 65 келіде өнер көрсеткен Дәулет Ниязбеков жарыс барысында төрт кездесу өткізді.
    Төрт кездесудің нәтижесі:  Солтүстік Корея - 7:4,  Қырғызстан -  6:3,  Өзбекстан - 10:0,  Жапония (финал) 11:0.
    Қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген білекті балуан осымен үшінші  мәрте Азия чемпионы атанып отыр. 2015 жылы Доха, 2016 жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында алтын медальді  иеленген.
    Жаңақорған ауданының тумасы Дәулет еркін күрестен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ересектер арасында ҚР 6 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының екі рет қола жүлдегері атанған, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Лондон Олимпиадасының қатысушысы.
    Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын балуанның бапкері – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов. Оның айтуынша, Дәулет енді мамыр айында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.


05 наурыз 2018 ж. 1 055 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области