Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирус: Қазақстанға 45 миллионға жуық маска қажет

Коронавирус: Қазақстанға 45 миллионға жуық маска қажет

Kyzylorda-news.kz. Елімізге 45 миллионға жуық маска қажет. Бұл туралы елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай жайлы онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жыл басында елімізде күнделікті 200 мың маска тігіп, өзіміз пайдаланатынбыз. Масканың 80% өз елімізде тігіледі. Ал арнайы масканы шетелден аламыз. Эпидемияның алдында біздің мемлекеттегі фармацевтикалық зауыттар күнделікті 200 мың, айына 6 миллион дана маска шығаратын және ол жеткілікті болатын» , - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Ол ақпан айында эпидемия басталғалы аталған зауыттардың мүмкіндігін кеңейту жұмыстары жүргізілгенін айтты.
«Өкінішке қарай, ол оңай болған жоқ. Шикізаттың көбі Қытайдан алдырылатын, ал Қытай экспортты тоқтатты. Басқа да мемлекеттердің мүмкіндігін, өзіміздің елдегі мүмкіндікті қарастырып, күніне 1 миллион дана түрлі маска тігілуде. Бір айда елімізде 30 миллион маска тігіліп, қажетті медициналық мекеме, дәріханаларға таратылды. Шынын айту керек, медициналық маска қажеттілігі әлі бар. Бізге 45 миллионға жуық маска керек болып тұр, демек маска тапшылығы бар. Маска тапшылығын жою үшін мемлекет тарапынан маска экспорттау тоқтатылды. Екіншіден, маска мемлекеттік комиссияның шешімімен таратылады. Алдымен медициналық мекемелерге таратылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, кейбір қажетті топтарға тегін беріледі. Бұл жұмыстар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында басталып кетті. Маскаға қатысты жағдай дүние жүзінде бар, себебі бұған ешкім дайын болған жоқ. Кейбір адам дәкеден маска тігу ұят екенін айтады. Ол ұялатын жағдай емес, себебі Қазақстанда ғана емес, басқа да мемлекеттерде әскери, медициналық қызметкерлер, түрмеде отырған азаматтар, әртістер бізді қолдап, маска тігіп жатыр. Өткен ғасырда ата-бабаларымыз дәкеден жасалған маска арқылы бұдан да қауіпті эпидемияларды тоқтатқан. Дүние жүзінде осындай қиын жағдай болған кезде барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. Қажет болса осындай марліден көп рет пайдалануға болатын маска тігіп, пайдаланамыз. Мақсат – инфекцияны тоқтату» - дейді ол.
31 наурыз 2020 ж. 205 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области