2 сәуірде республикалық ата-аналар жиналысы өтеді

«Бейсенбі күні республика бойынша ата-аналар жиналысы өтеді. Онда біз ата-аналарға қашықтан оқыту жүйесіне қалай қосылу керек екенін және ол қалай жүргізілетінін түсіндіреміз», - деді Аймағамбетов онлайн брифингте.
3 сәуір, жұма күні елімізде сынып сағаттары өтеді. Ол жерде де балаларға қажетті ақпарат беріледі.
Ал ертең, 1 сәуірде бүкіл оқушы үшін сынама сабақ өткізіледі.
Министрдің айтуынша, бұл үш шараның мақсаты – 6 сәуірде басталатын қашықтан оқыту форматына дайындық.