Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Білім министрі 15 мамыр ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады

Білім министрі 15 мамыр ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады

Kyzylorda-news.kz. 15 мамырда республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жұмыс берушілерден қызметкерлерін 15 мамыр жұмыстан ерте босатуды сұрады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Осыған орай республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді.
«Құрметті ата-аналар, Білім және ғылым министрлігі сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова ата-аналар балалары оқитын мектепке үлгеру үшін жұмыс берушілерден қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды», - деп жазылған хабарламада.
Жалпыұлттық жиналыс күні ата-аналар мектепке келіп, оқу орнының басшылары, сынып жетекшілері және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетсек, 15 мамырда осымен үшінші жыл жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді. Алғашқы жылы жалпыұлттық жиналысқа ата-аналардың 80 пайызы қатысқан.

13 мамыр 2019 ж. 628 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области