Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ


    Еліміздегі барлық мектепте бірдей уақытта «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Қызылорда қаласында өткен жиынға Қызылорда облысының білім саласын бақылау департаменті, облыстық білім басқармасы, жергілікті атқарушы органдар, Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары, қоғамдастықтар мен БАҚ өкілдері қатысты.
    Аталған жиналыстың мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту болды. Сондай-ақ күн тәртібінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру - тәрбие негізі, 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау, оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы, мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі, отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту, оқу процесін цифрландыру, оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелері талқыланды.
    Білімді ұрпақ тәрбиелеу кез-келген ұстаздың басты міндеті. Ұйымдастырылған шарада бала тәрбиесінде отбасының алар орны да ерекше, оған әрбір ата-ананың белсене атсалысуының маңыздылығы сөз болды. Расымен де, тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықта. Себебі баланың басты ұстазы – ата-ана. Бүгінгі таңда балалардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болулары үшін жаңартылған технология енгізілді. Қоғамда отбасы рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы және солай болып қала бермек. Сондықтан шаңырақтан алған тәрбие барша халқымыздың баянды болашағының айқын кепілі.


16 мамыр 2018 ж. 1 072 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области