Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Президент Үкімет пен Ұлттық банкке тапсырма жүктеді

Президент Үкімет пен Ұлттық банкке тапсырма жүктеді

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық қор қаражатын тиімді әрі ұтымды игеру керек. Бұл туралы республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесіндегі шаралар пакетін жүзеге асыру үшін Үкімет пен Ұлттық банкке барлық қажетті қаржы көздерін жұмылдыруды тапсырды. Осы орайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры, Ұлттық банктің ресурстары мен тетіктері қамтылмақ.
«Тұңғыш Президент-Елбасы құрған Ұлттық қор қаражатын тиімді әрі ұтымды игеру керек. Қаржыны нақты экономикаға жедел және тура жеткізу үшін мемлекеттік даму институттары арқылы тікелей қаржыландыру мүмкіндігін ескеру керек, яғни «Бәйтерек», «Аграрлық несие корпорациясы» және басқалары бар», - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент аталған тетік басқа да жеңілдіктермен қатар экспортқа бағдарланған қарқынды өсіп келе жатқан орташа компанияларға көмекке бағытталуы қажеттігін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық ресурстардың көлемін, дағдарысқа қарсы шаралардың ауқымын ескере отырып, бөлінетін қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуы айрықша маңызға ие болатынын қадап айтты.
«Бұл міндет Есеп комитетіне жүктеледі. Бұл жұмысқа өңірлік ревизиялық комиссияларды, қоғамдық кеңестерді жұмылдыру керек. Сонымен бірге, төтенше жағдайдың ерекше талаптарын ескерген жөн», - деді Мемлекет басшысы.
01 сәуір 2020 ж. 194 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области