Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Осы жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер саны қысқарады

Осы жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер саны қысқарады

Kyzylorda-news.kz. Биылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер саны біртіндеп қысқарады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
"Осы жылдан бастап мемлекетті қызметкерлердің саны біртіндеп қысқарады. Үнемделген ақша олардан гөрі пайдалырақ қызметкерлерді материалдық ынталандыруға жұмсалады", - деді Тоқаев президенттік жастар кадрлық резервімен кездесуінде.
Айтуынша, 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялардың жұмысшылар саны 25 процентке азаяды.
"Қазақстанға мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет. Қоғамның сұраныстарына жауап беретін, тиімді әрі әділ. Сонымен бірге ол ең заманауи технологияларды қолдануға негізделуі тиіс. Осының барлығын ескеріп, біз мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға кірістік"- деді президент.
Айта кетсек, Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік жастар кадрлық резервімен кездесті.
Президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылды. Алғашқы тізімге 300 адам еніп отыр.
Кадрлық резервтің мақсаты – білікті басшылардың жаңа буынын қалыптастыру және жастар үшін әлеуметтік сатының ұтымды жүйесін құру. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдар босай қалған жағдайда, президенттік резервке іріктелген жастардың кандидатурасы қаралады.
15 қаңтар 2020 ж. 294 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области