Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек туралы ойын айтты

Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек туралы ойын айтты

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет тек мұқтаж жандарға көмектесуі керек. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Үкіметтің алдында атаулы көмекті ашық әрі әділ көрсетуді қамтамасыз ету міндеті тұр. Көмек ең алдымен көпбалалы отбасылардағы балаларға көрсетілуі тиіс. Мемлекет тек мұқтаж жандарға көмектесуі керек", - деп санайды Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.
Президент көпбалалы отбасылар табысына қарамастан, отбасындағы бала санына қарай мемлекеттік қолдауға ие болатынын атап өтті. Көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленсе, тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі.
"Еңбек етуге ынталандырудың жаңа тәсілдеріне баса мән беріліп, атаулы әлеуметтік көмекті асыра пайдалану барынша азаяды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кешенді әлеуметтік-патронаттық қолдауды күшейту керек деп санаймын", - деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Тоқаев мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін енгізуді тапсырды.
20 желтоқсан 2019 ж. 274 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области