Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көпбалалы отбасыларға енді жәрдемақы табыстарына қарамастан төленеді

Көпбалалы отбасыларға енді жәрдемақы табыстарына қарамастан төленеді

Kyzylorda-news.kz. Көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Оның атап өтуінше, министрлік атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Басты бағыт - еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету.
«Ұсынылған шаралар кешенді түрде қаралуы қажет. Сондықтан ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар көпбалалы аналарды қолдауды, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын болады», - деді ол.
Министр дерегінше, атаулы әлеуметтік көмекті алатын балалардың 60 пайыздан астамы көпбалалы отбасылардан шыққан.
«Осыған байланысты АӘК алу үшін көпбалалы отбасылар құрамындағы балаларға табысқа қарамастан берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыруды ұсынамыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттыру жолы болар еді. Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін сараланған АЕК-ке еселенген мөлшерде белгілеу ұсынылады», - деді Б.Нұрымбетов.
07 қазан 2019 ж. 306 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области