Сәулет Сахиев: Елдің жағдайы Мемлекет басшысының назарында екендігі қуантады
Еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жасаған мәлімдемесі, Әлемдік пандемия жағдайындағы елдің бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудағы қажетті қадам.
Тек вирустың қатерлі қауіптері мен оған байланысты шаралардан бөлек, Қасым-Жомарт Кемелұлы елдің жан-жақты орын алған проблемаларына ден қойды. Бұл шаралар президенттің елімен бірге және жанашыры екендігінің тағы бір куәсі.
Мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайларын, қазіргі қиын сәтте ұйымдастырып, жасау оңай дүние емес. Дүниежүзін жайлаған бұл дерттен сақтанудың бірден-бір жолы, ол біздің бірлігімізде екенін президент нақты айтты. Әрине, хаосқа салынып, елді тек осы вирустан құтқарамын деп жан-жаққа қарамай психикалық күйзеліске түсу, елді тығырыққа тірейтіні белгілі. Мұндай сәтте нақты, тиімді, жоспарланған және талданған шешімдер қажет. Осындай жүйде баяндалған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі, халықты әбігерге салмайтыны анық.
Халықтың әр санатындағы жандарға тиісінше көмек беру, вирустан құтылудың барлық шараларын жасау, ақ халатты абзал жандардың жағдайы, экономикалық мәселерді тиімді шешу, егін науқанын уақытылы өткізу, жұмыссыздық мәселесін шешу, осы жағдайдағы шағын және орта бизнестің зардап шекпеуі және т.б. нақты қажет жасалатын жұмыстар мәлімдемеде көрініс табады.
Мәлімдеме барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президентіміз – Ел¬басы құрған Ұлттық қордың қар¬жы¬сын ұтымды пайдалануымыз керектігін айтып кетті. Әрине, бұл дұрыс шешім.
Әлемдегі дүрбелеңге салған аты шулы вирус үлкен адамдарға берілген сынақ секілді. Себебі, бұл жағдайда өмірдегі негізгі құндылықтарды қайтадан сүзгіден өткізіп, әрі қарай тіршілік ету үшін тек бірлік пен төзімділік қажет екені расталады.
Коронавирус мини соғыстардың тоқтауына, табиғаттың демалуына, адамдаргершіліктің молайуына, бай мен кедейдің теңелуіне әкеліп соқты. Бұл өз кезегінде Әлемнің қайтадан қалпына келу процесі секілді.
Сәулет САХИЕВ,
Қызылорда облыстық Ақпараттық талдау орталығының директоры