Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирустан қайтыс болғандармен қоштасуға 30 минут уақыт беріледі

Коронавирустан қайтыс болғандармен қоштасуға 30 минут уақыт беріледі

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу алгоритмі жарияланды. Бұл туралы ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулысында тапсырма берді.
«Алгоритмге сәйкес, мәйітті туыстарына беруге болмайды. Жақын туыстарға ғана 3 метр қашықтықта қоштасуға 30 минут уақыт беріледі. Жерлеу рәсіміне бір ғана діни қызметкер қатысады», - деді бас санитарлық дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Оның айтуынша, жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиялық қызметтің қызметкердің бақылауымен және жергілікті атқарушы органның қатысуымен өтеді және эпидемияға қарсы барлық шаралар қатаң сақталады.
Еске сала кетсек, аталған қаулының қосымшасына сәйкес, COVID-19-ға күдікті адам қайтыс болғанда эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режім талаптарын сақтай отырып тез арада жүргізіледі.
01 сәуір 2020 ж. 229 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области