Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төтенше жағдай: Коллекторға кеткен кредиттер үш айға шегеріле ме?

Төтенше жағдай: Коллекторға кеткен кредиттер үш айға шегеріле ме?

Kyzylorda-news.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлық компанияларға кеткен кредиттер мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Агенттіктің басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, коллекторлық компанияларға берілген кредиттер де кейінге шегеріледі.
«Иә, бүгінгі заңнама бойынша коллектор банктің заемдары мен микроқаржыландыру ұйымдарының кредиттерін өндіріп алуға құқылы. Ондайда қарыздың келісімшарты коллекторлық компанияларға беріледі. Алайда ондай кредиттер мерзімін тоқтату және шегеру бұйрығына кіреді.
Сондықтан коллекторлар осыны ескеріп, тиісті талаптарды сақтауы қажет», - деді Әбдірахманов бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, кредит төлемін кейінге шегеру шарты барлық заемға қатысты. Соның ішіде тұтынушылық, ипотекалық, кепілмен, кепілсіз және тағы басқа кредиттер бар. Ал үш айдан кейін қарыз алған адамдар артық ақша төлемеуі тиіс.
«Қазіргі кезде қаржы ұйымдарымен, ең алдымен, банктермен нақты механизмді пысықтап жатырмыз. Негізгі мақсат, біріншіден, тоқтатылған төлемдер артынан келісімшартта көрсетілген төлемдерден аспауы қажет. Сонда адамдар артық ақша төлемейді. Қазір осыны талқылап жатырмыз. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз», - деп атап көрсетті Әбдірахманов.
02 сәуір 2020 ж. 161 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области