Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы ауданы карантинге жабылды

Қазалы ауданы карантинге жабылды

Kyzylorda-news.kz.Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында Қазалы ауданында 2.04.2020 жылғы сағат 00-00-ден бастап 15.04.2020 жылғы сағат 7:00-ге дейін карантиндік режим енгізілді.
Қазалы ауданының бас санитарлық дәрігерінің 1.04.2020 жылғы №4 қаулысымен ауданға көліктің барлық түрлерінің келуіне және шығуына тыйым салынады.
Өзге аудандарда коронавирус инфекциясының таралуына байланысты, бұл індеттің әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында қарқынды шаралар қабылдануда:
– Коронавирустың таралуының қазіргі жағдайын ескере отырып, азық-түлік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызмет түрлерін, өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді қоспағанда аудан аумағына автокөліктерге кіруге және шығуға тыйым салынады.
– Жүк және жолаушылар тасымалдауды есепке алмағанда соңғы станциясы Қазалы стансасы болып табылатын жолаушыларға Қазалы стансасынан түсуге тыйым салынады;
– Діни үйлердің, балабақшалардың, базарлардың (жануарларды өткізу орындары (мал базарлары), автомобиль және т.б.), сауда үйлерінің, азық-түлік емес сауда орталықтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік құрылымдардың барлық түрлерінің, оның ішінде жеке тұрған азық-түлік емес дүкендердің, автосалондардың, автоқосалқы бөлшектер сату салондарының, гүл павильондарының, химиялық тазартулардың, кір жуу орындарының, фотоательдердің, фотосалондардың, оптикалардың, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік жөніндегі мекемелердің, техникалық қызмет көрсету станцияларының, сауналардың, фитнес-клубтардың, тренажер залдарының, спорт кешендерінің, бассейндердің, сұлулық салондарының, құрылыс, жиһаз базарлары мен тауарлар сататын дүкендердің, шаштараздардың, спа-орталықтардың, логистикалық орталықтардың, қонақ үй кешендерін, аяқ киім жөндеу мен басқа барлық жөндеу шеберханаларының, студиялардың, барбершоптардың, компьютерлік және интернет клубтар, букмекерлік және лото, мото конторалар, бильярд клубтары, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді, көрмелерді және басқа да осындай қызмет көрсету саласындағы объектілерді жалға алу қызметтері тоқтатылады.
– Азық-түлік гипермаркеттерінің, оптомаркеталарының, супермаркеттердің, минимаркеттердің, дүкендердің, азық-түлік сөрелерінің, бірінші кезекте қажетті тауарлар саудасының жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен сағат 8:00-22:00-ге дейін, ал азық-түлік базарларында сағат 10:00-18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Осы шектеу шараларын сақтай отырып, «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша жұмыс істейді.
– Дәріханалардың жұмысы санитарлық-дезинфекциялық күшейтілген режиммен рұқсат етіледі;
– Мейрамханалардың, дәмханалардың, кафелердің, шайхана-асханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын "Клиенттерге дейін жеткізу" қағидаты бойынша сағат 10-00-ден 20-00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істейді.
Ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысында бұдан өзге де бірқатар қауіпсіздік шаралары бар. Біз тек аудан тұрғындары үшін маңыздыларын көрсеттік. Бір айта кетер жайт, ауданның бас санитарлық дәрігерінің 31.03.2020 жылғы №3 қаулысы өз күшін жояды.
03 сәуір 2020 ж. 237 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области