Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кезектен тыс комиссия отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кезектен тыс комиссия отырысы өтті

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде коронавирус инфекциясы бойынша дайындық және профилактика шаралары туралы айтылды.
Қазақстан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2020 жылдың 16 наурызы сағат 8:00-ден бастап Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді.
Аталған мәселеге байланысты дайындық шаралары мен профилактикалық шаралар бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшылары хабарлама жасады.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ә.Әбдікаимова коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары мен профилактиклық жұмыстарға тоқталды.
«Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекциясының алдын – алу шараларын одан әрі күшейту туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы №12-ПГВр қаулысына сәйкес COVID-19 жағдайлары тіркелген елдер үш санатқа бөлінеді. Жүктемеге байланысты осы елдерден ҚР-на, соның ішінде облысымызға келген адамдарға қатысты эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде. Ағымды жылдың 24-ші ақпанынан бастап аталған санаттар бойынша облысымызға келген 55 азамат 14 күнге оқшалаумен карантинге орналастырылды (барлығы да 1 «а» санаты бойынша). Бүгінгі күні 41 азамат оқшалау карантинінен шығарылды, қалған 15 азаматқа бақылау жалғасуда»,- деді Ә. Әбдікаимова.
COVID-19 ауруларын және COVID-19 ауруларына күдікті науқастарды оқшаулау үшін провизорлық және карантиндік стационарлар, арнайы коронавирустық инфекцияның алдын – алу бойынша дәрі-дәрмек қоры туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов баяндама жасады.
«Коронавирус ауруы тіркелу жағдайындағы іс-әрекет бағытында медицина қызметкерлерімен жедел әрекет ету қағидалары, профилактика, дезинфекциялау режимін сақтау, жеке қорғаныш құралдарын қолдану шаралары бойынша оқу жаттығу, семинар сабақтары өткізілді. Жаттығудан кейін, медицина қызметкерлерімен анықталған кемшіліктер талқыланып, коронавирус туралы мәліметтер қайтадан пысықталды. Аурудың алдын алу барысында емдеу сауықтыру мекемелеріндегі қажетті қорғаныш құралдарының, дезинфекциялау заттарының, дәрілік препараттардың т.б. қоры туралы мәліметтер жиналып мониторинг жүргізілуде»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.
17 наурыз 2020 ж. 327 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области