Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада су тасқынының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Қызылордада су тасқынының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысында су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары және қыс мезгілінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Мәжілісті ашқан облыс әкімі Қ.Көшербаев дер кезінде мониторинг жүргізу және алдын алу шараларын ұйымдастыру аймақ тұрғындарына зиян келтірмей су тасқыны кезеңінен өтуге мүмкіндік беретінін еске салды.
"Жыл сайын облыста су тасқынының алдын алу, бөгеттердің жағдайын тексеру және зақымдалған аумақтарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Биыл су тасқыны қауіпінен шығынсыз өтуіміз керек. Бірінші кезектегі міндетіміз - халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау", - деді аймақ басшысы.
Көктем-қыс маусымына дайындық туралы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек Шәменов баяндады. Сырдария бойында 56 ықтимал қауіпті аймақ анықталды, оларға 109 жауапты мекеме бекітіліп, отын мен шығын материалдары сатып алынды, 79 эвакуациялық және 99 қабылдау пункті, сондай-ақ, 2 "Қазавиақұтқару" тікұшағы қызмет көрсетуге дайын.
"Бөгеттер мен қорғаныс бекіністерінің жағдайын зерттеу барысында 37 нысан анықталды, оның ішінде 25-і бірінші кезекте жөндеуді қажет етеді. Қазалы ауданында 18 нысан жөндеуден өтті, қалғаны бойынша жұмыс жүргізілуде", - деді А.Шәменов.
Ауа-райы және басқа да төтенше жағдайлар кезінде аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы облыстық ТЖ департаменті бастығының м.а. Асқар Төлешов мәлімдеді. Оның айтуынша, қыс мезгілінде өңірде 232 адам мен 32 арнайы техника жұмылдырылып, 13 жылыту пункті мен радио және телефонмен жабдықталған 3 медициналық-құтқару пункті жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, қысқы маусымға дайындық туралы басқа да жауапты мекемелердің басшылары мен қала және аудан әкімдері баяндады.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев жауапты тұлғаларға Сырдария өзеніне тәулік бойы мониторинг жүргізіп, жеке құрамды тұрақты дайындықта ұстауды, сондай-ақ облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда қатты суықта жол-көлік қатынастарын тоқтатуды тапсырды.
12 қараша 2018 ж. 572 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области