Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирусқа қарсы вакцина сынақтарының алғашқы нәтижелері жарияланды

Коронавирусқа қарсы вакцина сынақтарының алғашқы нәтижелері жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Америкалық дәрігерлер SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа түріне қарсы классикалық вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтарының алғашқы нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.
Олар нәтижені EBioMedicine ғылыми журналында жариялаған.
Ғалымдар сынаққа SARS атипті пневмониясы және MERS Таяу Шығыс безгегі вирусымен күресу тәжірибесін басшылыққа алғанын және осылайша, бастапқыда қалай әрекет ету керектігін білгенін атап өтті.
Зерттеу авторларының бірі Питтсбург университетінің доценті Андреа Гамботтоның айтуынша, ғалымдар вирустың РНК бөліктері негізінде емес, вирустың S-ақуызының фрагменттері негізінде вакцина жасаған. Себебі, дәл сол арқылы SARS-CoV-2 денеге өтеді.
Сонымен қатар, америкалық мамандар вакцинаның ағзаға енуінің өзіндік жүйесін әзірледі, ол – нано инелермен қапталған пластырь. Оның көмегімен препарат қажетті тереңдікке еніп, иммунитеттің өзімен өзара әрекеттесуіне көмектеседі.
Зертханалық тышқандарда жүргізілген тәжірибелер вакцинациядан кейін екі апта өткен соң кеміргіштердің иммунитеті коронавирусқа қарсы антиденелерді белсенді түрде өңдей бастағанын көрсетті. Алайда, жануарлардың өздері бастапқыда сау болған.
Дегенмен, ғалымдар ұқсас схема MERS вирусына қарсы вакцинада да байқалғанын атап өтті. Сау жануарларға енгізілген вакцина оларды жыл бойы аурудан сақтады.
03 сәуір 2020 ж. 215 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области