Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаруға дайын ба?

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаруға дайын ба?

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаруға дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге мен елімізідің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бірлескен брифинг өткізді. Оның барысында министрге "қазақстандық ғалымдар жаңа коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарумен айналыса ма" деген сұрақ қойылды.
Біртанов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, бірінші кезекте, денсаулық сақтау министрлігінің бұл мәселеде инфекцияның еліміз аумағына таралуына жол бермеу бойынша жұмысты толық көлемде атқаруды көздейтінін жеткізді. Сондықтан да негізгі қаржылық ресурстардың халықты, медицина қызметкерлерін, шекара қызметі өкілдерін қорғауға жұмсалып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ ол коронавирус қаупі бар науқастардың барлығын тексеру үшін жеткілікті мөлшерде диагностикалық технологиялар сатып алуға қаржы жұмсалып жатқанын тілге тиек етті. Үкіметтен бөлінген қаражаттың бір бөлігі қажетті дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ал вакцина мәселесіне келер болсақ, Біртановтың айтуынша, білім және ғылым министрлігі және соларға бағынышты ғылыми орталықтар коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаруға дайын екендерін хабарлаған.
"Біздің елде вакцина жасап шығару бойынша жақсы тәжірибе жинақталған. Бұл жағдайда сәйкес ғылыми орталықтардың белгілі бір атқарған жұмыстары да бар. Алайда, бұның қиын технологиялық процесс екенін және барлық халықаралық ғылыми орталықтармен жұмысты үйлестіру қажеттілінгін түсіну керек. Қазір аталған мәселені қарастырып жатырмыз – нақты айтқанда, вакцина жасап шығару бойынша өзге елдердің ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін ойластырудамыз", – деді министр.
Айта кетейік, қытайлық дәрігерлер COVID-19 коронавирусын емдеудің жаңа әдісін тапқандарын мәлімдеді. Олар қатерлі вирусқа шалдыққан адамдарға плазма құю әдісін қолдана бастады.
Соңғы деректерге қарағанда, қатерлі вирустан қаза тапқандардың саны 1448 адамға жеткен. Ал ауруды жұқтырғандардың саны әлем бойынша 65 мыңнан асты.
16 ақпан 2020 ж. 261 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области