Коронавирус инфекциясына арналған тесттерді сату – заңсыз

«Медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату лицензияланған қызмет түрі болып табылады. Бұл – заңсыз. Бұл тестті жүргізу медициналық жағдайды қажет етеді. Тазалықты, стирильділікті талап етеді. Сондықтан бұл заңсыз», - деді Біртанов.
Ол тек лицензияланған медициналық ұйымдар, меншік түріне қарамастан коронавирусты тексеруге болатындығын айтты.
Алайда, министрдің айтуынша, бұл мәселедегі ең бастысы – егер тест оң нәтиже берсе, адам медициналық мекемеге бұл туралы хабарлауы керек.
«Біздің қатаң талабымыз бар. Барлық қызметкерлер мен тесттен өтуші адамдар алдын-ала онлайн режиміне тіркеліп, нәтижелерін осы жүйеге енгізіп, тестілеудің оң нәтижелері туралы медициналық ұйымды хабардар етуі керек. Адам тікелей үйіне барып, өзін-өзі оқшаулауы тиіс. Немесе медициналық ұйымға хабарлассын», - деп сөзін түйіндеді Біртанов.