Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда жүргізуші куәлігін алатындар үшін жаңа талап енгізіледі

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алатындар үшін жаңа талап енгізіледі

Kyzylorda-news.kz. Жүргізуші куәлігін алатын қазақстандықтар алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өтуге міндеттеледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды жүргізуші куәлігін алған кезде, алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеруді міндеттеуді көздеп отыр. Бұл жаңашылдық "Халық денсаулығы" туралы кодекстің жаңа редакциясында жазылған.
"Көлік жүргізу куәлігін алу үшін алғашқы медициналық көмек курсынан өтіп, сертификат алуы қажет. Жүргізуші куәлігі тек содан кейін беріледі. Себебі, статистикаға көз жүгіртсек, жол апаты болған кезде, азаматтарымыздың 60 процентке жуығы алғашқы медициналық көмекке мұқтаж болады. Алайда, өкінішке қарай, қазір зардап шеккендерге жәрдем бере алатындар 3-5 проценттен аспайды", - деп түсіндірді Біртанов мәжілісте заң жобасын таныстырғаннан кейін.
Айтуынша, стандартты курстар барлық өңірде жедел жәрдем стансалары, санитарлық авиация орталықтары және медициналық оқу орындары базасында ұйымдастырылған. Яғни, медициналық көмек дағдыларын меңгеріп, сертификат алуға болады.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанда жол апатынан  зардап шеккендердің 84,5%-і ауруханаға жетпей көз жұмады екен. Ал ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш шамамен 50%-ті құрайды.

20 қазан 2019 ж. 302 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области