Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды

Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жақанов Ағыбай Қасымбайұлы Қызылорда қаласының прокуроры болып тағайындалды.
А.Қ.Жақанов 1986 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілін құқық қорғау органдарында 2009 жылы Қарағанды облыстық ІІД тергеуші қызметінен бастаған.
Прокуратура органдарына 2012 жылы қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында басқарма прокуроры, одан әрі Шымкент қаласының Еңбекші, Әл-Фараби аудандары прокурорының орынбасары, Атырау, Жамбыл облыстық прокуратураларында Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
2019 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы Бас Көлік прокуратурасында Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы лауазымын атқарып келген.
Құқық қорғау органдарындағы 10 жылдан жоғары қызмет өтілі бар, әділет кеңесшісі сыныптық шенінде.

06 сәуір 2020 ж. 392 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области