Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова Қызылордадағы өзекті мәселеге Премьер-министрден көмек сұрады

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылордадағы өзекті мәселеге Премьер-министрден көмек сұрады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда су торабы бұзылса, облыстағы 38 елді мекенді су басуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
«Бүгінгі күні апатты жағдайда тұрған Қызылорда су торабын жөндеу мәселесі өзекті болып тұр. Егер Қызылорда су торабы бұзылса, онда өңірдегі, бұдан Құдай сақтасын, 38 елді мекенді су басып қалу қаупі бар. Сонымен қатар облыстың үш ауданы мен Қызылорда қаласының аумағындағы 110 мың гектар суармалы жер, 250 мың гектар шабындық пен жайылымдар сусыз қалады», - деді Гүлшара Әбдіқалықова Үкімет отырысында.
Айтуынша, жоба құны 3,2 миллиард теңге, мемлекеттік сараптама бар.
«Жобаны іске асыру мерзімі екі жыл болғандықтан, ол жол картасына кірмей қалды. Өйткені біз бірден ауқымды жұмыстар істеуіміз керек. 500 миллиардтан бөлген ақша суға кеткендей болады. Сондықтан бірден екі жылға қомақты қаражатты қарап алуымыз керек. Сонымен қатар, бұл жерде маусымдық мәні бар. Көктемгі дала жұмыстары кезінде бастай алмаймыз. Тек күзде, егін біткеннен кейін бастауымызға болады», – деді аймақ басшысы.
Ол үкімет басшысы Асқар Маминнен экокономика, қаржы және экология минстрліктеріне осы мәселені қарауға тапсырма беруді сұрады.
07 сәуір 2020 ж. 197 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области