Білім министрі мектеп директорларын не үшін жұмыстан шығаратынын айтты

«Мектеп директорлары мұғалімдерден скрин, видео және есеп талап етеді. Ешқандай есеп болмауы тиіс! Мен ескертемін. Ондай жағдайда қызметті босатасыздар», – деді Аймағамбетов.
Еске сала кетсек, 6 сәуірде Қазақстанда оқу жылының төртінші тоқсаны басталды. Коронавирусқа байланысты сабақтар қашықтықтан өткізіледі.