Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда мектеп директорлары жаңа жүйемен тағайындалады

Қазақстанда мектеп директорлары жаңа жүйемен тағайындалады

Kyzylorda-news.kz. 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару облыстық деңгейге ауысады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Білім беруді басқару, қаржыландыру да өте өзекті проблемалардың бірі. Осыған орай 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару облыстық деңгейге ауысады. Қаржыландыру да облыстық деңгейге көтерілетін болады. Ол өңірлер мен мекемелер арасындағы білім алшақтығын азайтуға, жеткілікті деңгейде қаржыландыруға бағытталады», - деді 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын таныстырған Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар министр кейінгі кездері білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындау тәртібіне қатысты сұрақтар көбейіп отырғанын айтты.
«Мысалы бірқатар ұйым басшысы 20 жылдан астам уақыттан бері бір орында жұмыс атқаруда. Басқару менеджменті бойынша да бүгінгі күні шынын айту керек, сұрақтар көп және бұл мәселе сын көтермейді. Сондықтан балабақша, мектеп, колледж директорларын жаңа жүйеде тағайындайтын боламыз. Оған қоса, алдағы уақытта ротациялау арқылы ауыстыру жүйесін де қолданамыз. Заманауи талаптарға сәйкес дербес басқарудан корпоративті басқаруға білім саласы да көшетін болады», - деді ол.
19 желтоқсан 2019 ж. 260 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области