Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді балабақшаларда ағылшын тілі оқытылмайды

Енді балабақшаларда ағылшын тілі оқытылмайды

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Мектеп дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін оқытуды алып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тәрбишілердің еңбекақысын көтеру ескерілген», - деді А.Аймағамбетов.
Министрлік мәліметіне қарағанда, Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде елдегі мектепке дейінгі ұйымдар желісі балабақшалар салу, жеке балабақшалар, шағын орталықтар ашу және басқа да енгізу тәсілдері есебінен 1839 бірлікке. Сәйкесінше, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 13,6 пайызға артты. Барлығы 10673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде балабақшалар - 6470, шағын орталықтар - 4203. Контингент 775164 адамды құрайды (2015 ж. – 758772 адам).
Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың басымдығы мемлекеттік-жекешелік әріптестікке негізделген. Соңғы жылдары білім беру саласына бизнесті тарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Елдегі мектепке дейінгі ұйымдардың 38,2 пайызы (4082) жеке меншік болып отыр, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 18,1 пайызға (20,1%) артық.
22 қазан 2019 ж. 341 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области