Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЙМАҚТА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ 100% БОЛДЫ

АЙМАҚТА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ 100% БОЛДЫ


    Қызылорда облысында  60597 бала саны бар 659 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды.
    Мектепке дейінгі ұйымдар желісі жаңа құрылыс, балабақша ғимараттарының кері қайтару және жекеменшік балабақшалардың ашылуы есебінен артуда. 2012-2017 жылдар  аралығында  республикалық бюджеттен 2520 орындық 9 балабақша, облыстық  бюджеттен 1270 орындық 13 балабақша салынып, пайдалануға берілді.
    Балабақшалар ғимараттарын кері қайтару бойынша жұмыстар жүргізілді. Жаңақорған ауданының Байкенже және Жаңарық ауылдарындағы 50 орындық,  Қызылорда қаласының Талсуат кентіндегі 90 орындық, Сырдария ауданының Қоғалыкөл ауылындағы 140 орындық, барлығы 470 орындық 5 балабақша ғимараты қайтарылып, пайдалануға берілді.
    Сонымен қатар, Қызылорда қаласында, аудан орталықтарында және елді мекендерде  жекеменшік балабақшалар  ашылуда.  Қызылорда қаласында – 204, Жаңақорған ауданында – 76,  Шиелі ауданында – 64, Жалағаш ауданында – 14,  Арал ауданында – 13,  Қазалы ауданында – 11, Қармақшы ауданында – 8,  Сырдария ауданында – 4 жекеменшік  балабақша жұмыс жасауда.
    Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Жалағаш ауданының Таң ауылында 90 орындық жеке балабақша ашылып, жұмыс жасауда.
    2017 жылы 9 балабақшаның құрылысы жүргізіліп, оның ішінде Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі 180 орындық 2 балабақша («Айгөлек» және  «Ертөстік» ) пайдалануға берілді.
    Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту 62,4%-ды құрады, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100% болды.

07 ақпан 2018 ж. 903 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области