Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы тосқауыл бекеттерінде күшейтілген тексеріс жұмыстары жүргізілуде

Қызылордадағы тосқауыл бекеттерінде күшейтілген тексеріс жұмыстары жүргізілуде

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус індетінің таралуына байланысты сақтық шаралары күшейтілген түрде жүргізілуде.
Қауіпсіздікті сақтау үшін Ақтөбе облысы мен Қызылорда облысының шекаралас аймағында «Самара-Шымкент» автожолының 1279 шақырымында орналасқан медициналық бақылау бекетінде жолаушыларды тексеру жұмыстары жалғасуда.
Бүгін аталған бақылау бекетінде Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Байжан Исембекұлы болып, жұмыс барысымен танысты. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты қолға алынған тексеріс жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, жауапты сала мамандарына сақтық шараларын күшейтуді тапсырды.
Денсаулық сақтау мекемесінің және полиция қызметкерлері өңірімізге басқа аймақтардан келетін жолаушылардың жағдайын жіті қадағалауда. Алдымен азаматтардың дене қызуы арнайы аппаратпен өлшеніп, қажет болған жағдайда өзге де медициналық қызмет түрлері көрсетіледі. Одан соң жолаушылардың бағыты және жақын арада өзге аймақтарда болғандығы анықталып, байланыс телефондары мен жеке құжат нөмерлері жинақталуда.
Қазіргі уақытта бақылау бекетінде күніне 600-ге жуық жолаушылар тексерістен өткізіледі. Жолаушылар арасында жүк көліктерімен қатынап жатқан Өзбекстан, Қырғызстан елінің азаматтары да бар.
Айта кетейік, Арал қаласына кіре беріс жолдарына қойылған 4 тосқауыл бекетінде де автокөліктермен жолаушыларды тексеру жұмыстары жүргізілуде.

07 сәуір 2020 ж. 225 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области