Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖОЛДАУ – ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

ЖОЛДАУ – ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ


    Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылады.
    Іс-шараға соттың төрағасы Қ.Абдуллаев, судья Қ.Бержанов және қалалық, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері қатысты.
    Сот төрағасы Қанатбек Абдуллаев өз сөзінде «Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 10 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауында жаңа әлемде бейімделу мен жетістікке жету үшін нақты 10 міндетті тапсырма бергенін атап өтті.
    Аталмыш Жолдауда дағдарыстан өту, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі  жөніндегі бағыттағы мәселелер турасында түсініктер беріп, әлем терең және қарқынды технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы өзгерістер кезеңіне қадам басқанын, осы жаһандық өзгерістерге дайын болу қажеттілігі туралы айтылғанын жеткізді.
    Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес, мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасты цифрландырудың маңыздылығы, сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылып жатқандығы айтылды.
    Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
    мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

23 қаңтар 2018 ж. 1 115 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области