ЖАҢАША ДАМУ, ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Сыр бөбегі» балабақшасында Қазақстан Республикасы Президентінің “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауын талқылау мақсатында ұжымдық жиналыс өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша балабақша әдіскері М.Төлендиева Жолдаудағы 10 басымдыққа тоқталды.
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, "Қазақстан-2050" даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. 100 нақты қадам - Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.
Жиында Елбасымыздың инновациялық технологиялар, білім саласындағы педагогтардың мәртебесін көтеру, білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы бағытындағы Елбасы бастамалары жайлы айтылды.